«Елтай ЖББОМ» КММ

«Өнегелі  өмір» жетістік пен табысқа  жеткен адамдармен

 кездесу жобасын жүзеге асыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнегелі өмір» — қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсатында жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. Арқылы рухани адамгершілікті дамытуымыз керек. Табысты адамдармен кездесулердің «Өнегелі Өмір» жобасы 2019 жылдың қазан айында өз жұмысын бастады. Осыған байланысты жастарды әдептілікке, ізгілікке, адамгершілікке баулумен тікелей айналысатын ата-аналар, оқу орындары, оның ішінде мұғалімдер мен тәрбиешілер.

Жобаның алға қойған мақсаты Тұңғыш Президентіміздің «Туған жер» бағдарламасы аясында, Қарағанды ​​жерінің дамуына орасан зор үлес қосқан ұлы азаматтардың тарихына назар аудару, танымал адамдармен кездесулер ұйымдастыру және олардың жетістіктерін жас ұрпаққа үлгі ету. ұлттың алтын қорына енуге лайықты, жан –жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу.

                     Елтай жалпы білім беру орта мектебінде 11 қараша күні «Өнегелі өмір» жобасының аясында «Кештім ғұмыр қиялдың қанатында…» тақырыбында мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен, ауылымыздың тұрғыны, туған жеріне адал қызмет етіп жүрген  ардақты ана, ақын, композитор Мәйдаш Жұмашевамен ZOOM платфомасы арқылы кездесу орын алды. Кездесу жастарға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен тұлғалардың көмегімен бағыт-бағдар беру мақсатында өтті. Кездесу барысында оқушылар Мәйдаш апаның әңгімелерін, жазған өлеңдерін қызығушылықпен тыңдады және өздері жауап алғылары келген сұрақтарын қойды. Мәйдаш апа оқушыларға өзінің өміріндегі қиындықтар және оларды қалай жеңгендігі туралы айтып берді, өзінің жетістіктерімен оқушыларымен бөлісті.      

                     Мәйда Жұмашева Арқаның ұсақ шоқылы жазығында Мәдидің Үшқарасының етегіндегі қыстауда 1939 жылдың 7 қарашасында кедей шаруаның жанұясында дүниеге келген. Ағайынды үш ұлдың ішіндегі жалғыз қыз бала екен. Әке-шешесі  ырымдап елімізге тоқшылық болып, ел еңсесін көтерген жәйлі өмір, жұмсақ көңіл, жаны жайсаң мәйдалы болсын деп, туған қыздың атын Мәйда қойған екен.Одан кейін екі бауыры дүниеге келген. Анасы ерте дүниеден қайтып, ауыртпашылық қыз баланың мойнына түсері сөзсіз ғой. Сондықтан «басқа түссе-баспақшыл» дегендей, өмір апамызды ерте есейткен екен. Еңбекпен ерте араласты. Өмір тауқыметі ілгері басуға мүмкіндік бермеді. Ағайды ерте үйлендіріп, Мәйда апамызда еңбек жолын бастайды. Сөйтіп жүріп, ауыл азаматы Ермек Нұрлановпен тұрмыс құрып, отау тігеді. Жұбайы да ерте әкеден айрылып, шешесі мен бауырларына қамқор болған екен. Мәйде апамыз бен Ермек ағаның жанұясында жеті бала дүниеге келген. Балаларының бәрі тәрбиелі,оқыған білімдерімен қызмет етуде. Әкелері атақты Құрмет тақтасынан түспеген, аудандық, ауылдық Советтің депутаты болған. Талай еңбек медальдарымен марапатталған, 53 жасында дүниеден озған екен.Қазіргі таңда Мәйда апамыз Доскей ауылының көркем өнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі. Ардагерлерден құралған «Ақ әжелер» вокалды тобының әншісі, ауылымыздың ардақты ақын Апасы. Мерекелік шаралар көбінесе апамыздың арнау өлеңдерімен ашылады. Ауыл, аудан, облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға қатысып, келешек өсіп келе жатқан жастарға үлгі болып жүрген  ардақты да аяулы жан.               

                     Осы күнге дейін апамыздың 5 кітабы жарық көрген: «Кештім ғұмыр қиялдың қанатында…» «Қайық еттім қағазды, ескек- қалам…» және «Өткен күннен бір белгі», «Ұшырдым мекенiне бақ құсым», «Ана жүрек».

      Мәйда апамыздың кейбір өлеңдеріне композитор Қанат Мерсалимов ән де жазған екен.  Әншілер арасында шырқалып жүрген әндері: «Елiме нұрлы Казакстан», «Мектебiм алтын бесiгiм», «Қара шаңырақ Караганды», «Құтты қоныс мектебiм» және Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың орындауында  Мәйдаш апамыздың «Көз көрген асылым» әнін айта кету керек.

            «Өнегелі өмір» жобасы аясында, өмірі жас ұрпаққа үлгі болатын туған ауылының құрметті адамдарымен осындай форматтағы кездесу  әлі жалғасын табады, өйткені олар жас ұрпаққа өмірлік жол таңдауға көмектесетіні сөзсіз. Жас ұрпаққа мамандықты дұрыс таңдау  өзінің әлеуетін толық іске асыруға, өзін және отбасын болашаққа деген сенімсіздіктен қорғауға мүмкіндік береді. Таңдалған болашақ жұмысы ауыртпашылық емес,  өз көңілінен шығатын, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандық болу керек. Табысты адамдармен қарым-қатынас жасаудың бұл формасы ересек өмір шегінде тұрған жастарға әр түрлі мамандықтардың барлық құпиялары мен нәзіктіктерін ашып қана қоймай, олардың болашағы туралы ойлауға, олардың құндылықтарын қайта қарауға көмектеседі.