Қоғамдық өмір

Елтай орта мектебінде 1 қыркүйекте сағат 10.00 де Білім күніне арналған салтанатты жиын басталды. Мерекелік шараны өткізуге жауапты адамдар:

Әзірлеме дайындау: Жайлаубаева Л.Ч, Исаинов Р.Ж.

Сапқа тұрғызу: Досымбеков М.Т.

Музыкалық сүйемелдеу: Максим Д.О.

Мерекелік безендіру: Исина Б.С., Игнатова Е.И

Жүргізушілер: Даулен Д., Барановская К.

Ту енгізушілер: Касимов Ж., Акашева М., Абдинова Д.

Білім күніне арналған салтанатты жиын сапқа тұрудан басталды. Жиын басталғаннан кейін сөз жүргізушілерге  Даурен Максим  және Бейсекеева Жансаяға берілді. Жүргізушілер мектеп өміріне арналған өлеңдер оқыды.

Мектеп бітірушілер 1-ші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерді «Бақытты балалық шақ» әнімен қолдарынан жетектеп өз орындарына тұрғызды. Жүргізушілер келген қонақтарды және оқушыларды 1-ші сыныптардың сынып жетекшілерін атап, таныстырды, 1 «А» сынып мұғалімі Мақтабаева Айжан, 1 «Б» сынып мұғалімі Рымбаева Диана Талгатовна, 1 «В» сынып мұғалімі Жаманбаева З.А., 1 «Г»сынып мұғалімі Грачева Н.В.  Білім күніне арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланды. Залға Қазақстанның мемлекеттік туы енгізіліп, гимн ойналды.

Ұстаздарды, мектеп оқушыларын және келген қонақтарды құттықтау сөзі метеп директоры А.Шунгуловқа берілді.

Екінші болып құттықтау сөзін Бұқар жырау ауданының қаржы және экономика жетекшісі Жумашева Елена Викторовна алды.

Өздерінің құттықтау сөзімен мектебіміздің алтын белгіге ие болған түлектеріміз, қызыл диплом иегерлері Исин Ерсәнсерик Сериккалиевич және Валиев Біржан Кайыржанулы ортаға шықты.

«Алғашқы қоңырау» күнімен  ұстаздарды және оқушыларды құттықтауға келген педагог, еңбек ардагері Төлегенова Дыбыс Сейлхановна ортаға шығып, өз тілектерін айтты.         Сонымен қатар салтанатты жиынды мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-ші сынып оқушылары дайындаған өлеңдерімен жалғастырды.

Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен,  бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам  Отанын қастерлеп, өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді.

Жүргізушілер қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында саналы ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті болғанын,  «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» — білім күнінің бірінші сабағының тақырыбын атап айтты. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында деп түйіндеді.  

Жүргізуші бүгінгі күн 1-ші сынып оқушылары үшін ең алғашқы мектептегі күн, ең алғашқы жиын, алғашқы мұғалім, алғашқы қоңырау екенін еске түсіріп, 1 –ші сыныптарға және мектеп бітірушілерге сөз берді.  11-ші сынып оқушылары өз өлеңдерін оқыды.  1-ші сынып оқушылары өз мұғалімдеімен шығып өз өнерлерін көрсетті.

Соңынан мектептің шығармашық өнер тобы «Тәуелсіз ел ұраны», «Мой Казахстан» әндерін шырқап, көрермендерді қуантты.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушысы  Балташева Дильназ  және  1-ші сынып оқушысы Лопунов Артемға берілді. Олар екеуі қоңырау сыңғырымен алаңды аралап, биылғы оқу жылының басталғанын көрсетті.

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өз мәресіне жетті. Мектептің әскери жетекшісі Досымбеков М.Т. сапқа тік тұруды бұйрық етті, Қазақстан мемлекеттік туы салтанатты түрде шығарылды.

Салтанатты жиынымызды жабық деп жарияланды.  “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2019-2020 оқу  жылының алғашқы сабағымен жалғасады. Сынып жетекшілер өз сыныптарында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.