Елтай мектебінде 03 қазан күні сағат 12.00де 1-11 сыныптар арасында алдын ала жоспар құрылып, біріңғай экосағат өткізілді.

Өткізілген іс – шаралардың басты мақсаты:

Өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. Оқушыларды әлемдегі көмірқышқыл газ шығарындыларының өсуі проблемасымен таныстыру.

Суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтау, жерді ластанудан сақтау.

Оқушыларды азық өсіру үшін жарамды жердің жетіспеушілігі проблемасымен таныстыру.

Оқушыларды мұхиттар мен басқа да су ресурстарының ластануы проблемасымен таныстыру.

Жалпы сыныптық пікірталас барысында оқушылармен осы проблеманы шешу жолдарын талқылау.

Іс-шараның міндеті–табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, нақты айтқанда суға ұқыптылықпен қарауға, ауаны және жерді ластанудан сақтауға шақыру.

 Сынып жетекшілері алдын-ала экосағатқа дайындық жүргізді.

Осы сабақта қандай жұмыс түрлерін жүргізетінін, қандай нұсқа керек екенін шешіп, жұмыс парақтарын, видео материалдарын дайындады.

Эко сабақ өткізу барысында көптеген керекті, маңызды, адамдарды ойлануға шақыратын деген сұрақтар қозғалды. Оқушылар  бір-біріне сұрақ қойды, бейнероликті көріп, өз ойларымен бөлісті және жұмыс парақтарымен жұмыс жасады.

10-11  сынып оқушыларын мұхиттар мен басқа да су ресурстарының ластануы  проблемасымен  таныстыру мақсатында практикалық жұмыс жүргізді. Оқушылар мұхиттың қандай жолмен ластанатынын тек қана айтып қана қоймай, оны  іс жүзінде көрсетті.

          «Эко сағат» сынып сағаттары өткеннен кейін мектебіміздің  директоры бастап, 7- 11 сынып оқушылары, мұғалімдер, Доскей ауылының әкімшілігінің қатысуымен мектептің ауласына тал көшектерін отырғызды.

Экосағаттың негізінде–оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, салауатты эко-әдеттерді: экодемалысты, тамақ қалдықтарын бөлек жинауды, дұрыс тамақтануды дамыту және көптеген басқа мәселелерді талқылай отырып, диалог жүргізу болды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *