Елтай Жалпы білім беру орта мектебінде

2019-2020 оқу жылында жасалған профориентациялық жұмыс туралы

ақпарат.

Профориентациялық бағдар – бұл еңбек нарығында жастардың тұлғалық ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жастарға кәсіби мамандық пен еңбекке араласуға бағытталған ғылыми негізделген шаралар жүйесі.

2018-2019 оқу жылы Елтай мектебін 13 түлек аяқтады. 8 оқушы жоғары оқу орындарына түсті олардың ішінде 3 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды. Колледжге 4 оқушы түсіп, оның 3-і грантта оқып жатыр. 9 сыныптан кейін 18 оқушы колледждерге құжаттарын тапсырды. Грантта оқып жатқан оқушылардың саны 7. Жастар мамандық таңдауда қателік жібермей, өз тағдырын дұрыс таңдауы өте маңызды. Сондықтан осы оқу жылының қазан айында 9 сынып оқушылары Қарағанды қаласының № 1 лицейіне сынып жетекшілерімен «Ашық есік» күнін пайдаланып, саяхат жасап келді. Лицей мұғалімдері мектеп бітірушілерге өте мән-мағыналы және түсінікті, жетімді түрде үгіттеу жүргізді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *