25  — 30  қараша аралығында 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге байланысты алдын ала атқаратын апталықтың жоспары құрылды. Апта  бойы жоспарға сай іс – шаралар өткізілді.Аптаның басында 25 қараша күні мектебіміздің 1-11 сыныптар қатысуларымен «Тұңғыш Президент – Ұлт лидері» атты салтанатты жиын өтті. Жиын 1-2 сыныптар, 7-11 сыныптар арасында бірінші ауысымда өтсе, 2-4, 5-6 сыныптар арасында екінші ауысымда болды. Салтанатты жиын сапта тұрып әнұран айтудан басталды. Алдын –ала жасалған әзірлеме бойынша 9 сынып оқушылары жүргізушілер болса, 8 сынып оқушылары Тұңғыш Президентімізбен байланысатын ең маңызды жетістіктер туралы  өлең жолдарын айтты.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекеде мұғалімдерге «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» атты ортақ тақырыпта 1-11 сыныптар арасында 29 қараша күні біріңғай сынып сағаттары өтті. ­ткен сынып сағаттардың негізгі мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болды. Осы күні «Менің тұңғыш Президентім»,  «Наш первый Президент» тақырыптарында 9 А,Б,В,Г  сыныптарында ашық сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері сабақтарында оқушыларға керекті, пайдалы деген ақпараттармен таныстыра отыра, слайдтар, видео роликтер, ойындар, көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген ынталарын арттырып, сабаққа 100 пайыз қатыстырды. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау барысында көптеген сұрақтарға жауап беріп, өздері бір-біріне сұрақтар қойып, сабақты мәнді және қызықты өткізді.

         Мектебіміздің кітапханашысы Тажибаева Ф.Р. «Жаңа Қазақстанның даму жолында алатын орны» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеде еліміздің тарихында көшбасшымыздың өмір баяны туралы ақпараттық материалдар жинағы да болды.

10-11 сыныптар арасында тарих пән мұғалімдері Жолтаева Айман Жакановна және Рождественская Татьяна Викторовна   ««Нұрлы жол» — болашаққа бастар жол»  тақырыбында  оқушылармен  «Дөңгелек үстел» өткізді. Мұғалім оқушыларға елбасымыздың өмір жолы жайлы видео роликтер көрсетіп, оқушыларға дайындаған сұрақтары арқылы оқушылардың  ойларымен бөлісті. Соңында әр оқушы сабақтан алған әсерлерін  айтып берді.

         Орыс тілі мұғалімдері Игнатова Е.И., Безрукова Е.В. және қазақ тілі пән мұғалімдері Даулетова Ж.Б.,  Какенова Ж.Ж  9-11 сынып арасында «Елбасы – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында эссе жаздырып, байқау ұйымдастырды. Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар алған оқушыларды  марапаттады.

         Тұңғыш Президент күніне арнап мектепішілік спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 29 қараша күні дене шынықтыру пән мұғалімдерінің бастауымен воллейбол және теннис ойындарынан жарыс өткізілді. Тұңғыш президент күніне арнап өткізген іс-шаралар оқушылардың тәуелсіз еліміздің дамуы мен қалыптасуының бастауын алған тарихи оқиғаларын білуге, туған елінің тарихына деген қызығушылығын оятуға, дүниетанымын кеңейтуге, ұлт Көшбасшысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлесін білуге, патриоттық, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағыт алып, білімдерін тереңдетті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *