19.11.2019 ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агентігі,  Алматы қаласы Білім басқармасының хаты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп оқушылары арасында қалыптастыру  бағдарламасы негізінде Елтай мектебінде оқу жылының басында 2019-2020 оқу жылында  атқарылатын жылдық жоспары құрылды. Қыркүйек – қараша айы арасында жоспарланған жұмыстар ойдағыдай атқарылды.

         Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу нормативтік құжаттарын мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстары қыркүйек айының 6 жұлдызында өткізілді. «Елтай ЖББ орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жасалды.

 Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 10-бабына сәйкес «Елтай ЖББ орта мектебі» КММ қызметі, қызметтегі тиымдар, шектеулер қамтылып әзірленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт мақсаты- мектеп қызметінің, мектеп қызметкерлері мен басшылық құрамының жемқорлық көріністерінің алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру. 

         Мектепте «Адал ұрпақ» ақпараттық стендісін, «Парасат» бұрышы жасалды.

          «Адалдық-адамгершіліктің биік шыңы» тақырыбында  5-11 сыныптарда жалпы жиын өткізілді. Жиында 9 сынып оқушылары адалдық туралы нақыл сөздер айтып, өлең жолдарын оқыды.

Қазан айында 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектептің акт залында дүниежүзілік «Адалдық» ағаты өтті. Бұл жиналыста оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыруды, адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізуді, татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндірілді.  Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой — пікірлерін тыңдалды және көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынас туралы айтылды.

Оқушыларға адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім туралы мысалдар келтірілді.

Қараша айында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқушылардың ата-анасынан ақша жинауға тыйым салу туралы,  Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 бабының 2-тармақшасымен  Алматы қаласы Білім басқармасының «Ақша жинауға тиым салу туралы» бұйрығымен таныстырылды

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *